1032

Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді

Ақтауда ауызашарда дәрігерлердің астан улануы бойынша тексерістен кейін мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтауда дәрігерлер астан уланған мейрамхананың 24 қызметкері жұмыстан шеттетілді
smartnews.kz

Қонақ үй кешеніндегі мейрамханаға тексеру жүргізілген. Онда 20 қызметкердің жалған медициналық кітапша жасатқаны анықталған. Ал төртеуінде мүлдем болмаған.

Сондай-ақ тексерілген 21 қызметкердің жетеуінің ағзасынан стафилокок табылған. Оған қоса мейрамханадан жарамдылық мерзімі өткен 220 келі көлеміндегі 73 түрлі тағам анықталған.

«Жоспарға сай тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған өрескел санитариялық талаптарды бұзушылар адам денсаулығына әкеліп соққан әрекеті үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекеті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды», - деді Асылбек Шаров.

Енді бұл іспен Ақтау қаласының полиция басқармасы айналысады.