358

Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен кездесті деген ер адам тексерілді (ВИДЕО)

Желіде тараған бейнежазбада педофилдің жасөспірім қызды өз пәтеріне шақырғаны айтылған еді.

Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен кездесті деген ер адам тексерілді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Ақтау қаласында кәмелетке толмаған қызды өз пәтеріне шақырған деп көрсетілген ер адамның видеосы тарады. Видеодағы оператор оны педофил деп атаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, видео авторы 2004 жылы туғанын айтып, қызды тек әңгімелесу мақсатында шақырғанын алға тартқан. Алайда, видеодағы деректер тексерілгеннен кейін оның уәждері расталмаған.

Барлық қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тараптардан ешқандай арыз немесе шағым түспеген.

Маңғыстау полициясы факт бойынша қажетті тексерулер жүргізіліп жатқанын және құқық бұзушылыққа қатысты мәліметтерді бақылауда ұстайтынын хабарлады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор