«Қызылжар» ФК-ның бұрынғы бас бухгалтері 367 млн теңге жымқырған

23.01.2026, 13:51
258
«Қызылжар» ФК-ның бұрынғы бас бухгалтері 367 млн теңге жымқырған Depositphotos.com

Сот «Қызылжар» ісіне нүкте қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавл қалалық соты «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтері, 62 жастағы Ольга Замелацкаяны бюджет қаражатын иемдену және салықтан жалтару бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот оны жалпы сомасы 367 млн теңге көлемінде қаржы өндіруге міндеттеді.

Үкімге сәйкес, 70 млн теңге — футбол клубына, 287 млн теңге — мемлекеттік кірістер органдарына, 10,6 млн теңге — мемлекет кірісіне өтелуі тиіс. Айыпталушы сот залында қамауға алынды.

Тергеу дерегінше, 2023 жылы «Қызылжар» клубын қаржыландыруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген. Айыптау тарапы бұл қаражаттың кемінде 128 млн теңгесі әртүрлі схемалар арқылы клубтан тыс жұмсалғанын алға тартты. Бұған қоса, 2021–2023 жылдары 287 млн теңгеден астам салық төленбегені анықталған.

Алайда сот барысында клуб ойыншылары мен қызметкерлері қаржының мақсатсыз жұмсалмағанын мәлімдеді. Куәгерлердің айтуынша, команда толық қамтамасыз етілген: сапалы тамақтану ұйымдастырылған, спорттық нормалар сақталған, азық-түлікке дейін министрлік талаптарына сай алынған. Клубтың жеке аспазы да шығындардың нақты жүргізілгенін растаған.

Куәгерлердің сөзінше, қаражат әуе билеттеріне, трансферлерге, медициналық қызметке, сыйақыларға, матчтарды ұйымдастыру мен қонақтарды қабылдауға жұмсалған. Дегенмен, есеп жүргізу барысында заңбұзушылықтарға жол берілген: кейбір төлемдер қолма-қол жасалған, арнайы бухгалтерлік бағдарлама қолданылмаған.

Ольга Замелацкая өз сөзінде қаржы үнемі жетіспегенін, әсіресе салық төлеуде қиындық болғанын айтты. Ол тек 10 млн теңгеге қатысты эпизодты ішінара мойындап, қаражатты команданың әкімшісіне бергенін, бірақ қасақана ұрлау ниеті болмағанын жеткізді.

Сот айыпты ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалғанын ескерді.

Нәтижесінде, сот үкімімен экс-бухгалтер 7 жыл 6 айға сотталып, 367 млн теңге өндіру туралы шешім шығарылды. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды