Өскеменде Chevrolet көлігі патрульдік көлікке соғылды
Патрульдік автокөлік еріксіз соқтығысқа түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында патрульдік полиция көлігі жол-көлік оқиғасына еріксіз түрде тап болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 23 қаңтар күні Шәкәрім мен Абай даңғылдарының реттелетін қиылысында болған. Chevrolet Onix маркалы автокөліктің жүргізушісі солға бұрылу кезінде бағдаршамның рұқсат етілген сигналына қарамастан, қарсы бағытта түзу келе жатқан Nissan Qashqai көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысқан.
Соққының салдарынан Chevrolet Onix инерциямен сол жаққа қарай ығысып, сол бағытта қатар келе жатқан Hyundai Elantra маркалы патрульдік автокөлікпен соғысқан.
Полицияның мәліметінше, жол апаты салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ. Алайда үш көлікке де материалдық шығын келтірілген.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, мән-жайды анықтады.
Материал авторы