Қытай өзінің даму моделі негізінде әлемге жаңа мүмкіндік ұсынуға дайын - Си Цзиньпин

21.04.2023, 13:23
820
Қытай өзінің даму моделі негізінде әлемге жаңа мүмкіндік ұсынуға дайын - Си Цзиньпин smartnews.kz

Қытай өзінің жаңғыру моделіндегі жетістіктері негізінде әлемге жаңа мүмкіндік ұсынуға әзір. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Шанхайда өтіп жатқан «Қытайдың жаңғыруы және бейбітшілік» тақырыбындағы «Ланьтин» форумына қатысушыларға жолдаған жазбаша үндеуінде айтылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қытай өзінің жаңғыру жетістіктері негізінде әлемнің дамуына жаңа мүмкіндіктер ұсынуға, басқа елдермен ынтымақтастықты арттыруға дайын», - делінген Қытай басшысының үндеуінде.

Ал аталған форумның ашылу салтанатына қатысқан ҚХР Сыртқы істер министрі Цинь Ган Қытайдың жаңа даму моделі әлемдік экономикаға тың серпін беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, Қытай бүгінде 140-тан астам елдер мен аймақтардың ірі сауда серіктесі. Күн сайын әлем елдеріне 320 млн доллар тікелей қытайлық инвестиция бағытталады және ай сайын 3 мыңнан астам шетелдік инвесторлар қаржыландыратын кәсіпорындарды ашып жатыр.

«Қытайдың 1,4 млрд-тан астам халқы жаңа жаңғыру жолына түсті. Бұл әлемдік экономикаға үлкен серпін беретіні сөзсіз», - деп атап өтті ол.

ҚХР СІМ басшысы әлем халықтарының жалпы өркендеуі үшін барлық елдердің тең құқылы дамуы қажет екенін айтты.

Оның мәлімдеуінше, «Бір белдеу - бір жол» және Жаһандық даму бастамасы – Қытай тарапының халықаралық қауымдастық үшін бірдей даму мен өркендеуге ашқан жолы. Цинь Ган «Бір белдеу - бір жол» аясында 10 ішінде 3 мыңнан астам жобаның қолға алынғанын мәлім етті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды