454

Рудныйда адам өлтірді деген екі жасөспірімге ел көлемінде іздеу салынды

Екі күдікті 19 жастағы тұрғынды өлтірді деген хабарлама тарады.

Рудныйда адам өлтірді деген екі жасөспірімге ел көлемінде іздеу салынды
ЖИ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облыстық прокуратурасы Рудный қаласында болған 19 жасар жергілікті тұрғынды өлтіру фактісінің мән-жайын жариялады. Оқиға бойынша екі жасөспірім ел көлемінде іздеуде жүр.

Прокуратураның хабарламасында:

«2026 жылдың 23 қаңтарында Рудныйда 19 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ретінде 2008 және 2009 жылдары туған екі жасөспірім анықталды.

Қазір аталған тұлғаларды табу және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеудің барысы прокуратураның бақылауында», — делінген.

Материал авторы