369

Балғынбек Имаш әнші Еңлікті сынаған айтыскерлерге рэппен жауап берді (ВИДЕО)

Ақын желідегі дауға рэп оқып жауап қайтарды.

Балғынбек Имаш әнші Еңлікті сынаған айтыскерлерге рэппен жауап берді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде айтыскер ақын Балғынбек Имаштың тосын видеосы қызу талқыға түсті. Бұл жолы ол дәстүрлі айтыс емес, рэп ырғағын таңдап, өзінен кейінгі екі әріптесіне — Жандарбек пен Сырымға жауап қатты.

Айтыскер видеоны Threads желісіне жариялап, «Екі брәтшкаға Астанадан осылай сәлем жолдадым. Мықты болсаңдар, менің рэпіме жауап беріп көріңдер» деп жазған.

Балғынбек Имаш күтпеген образда камера алдына шығып, өлеңін былай бастайды:

«Сендердікі жансырым, неғылған сөз?
Қызда нең бар, басқаларды сынай бер.
Қатты сынап қайтесің, жақсылап қолдасаң,
Өнер деген осылай басталат».

Рэп формасында айтылған бұл жолдарда айтыскер ашық айыптаудан гөрі, тоқтам мен сабырды алға тартады. Ақынның негізгі ойы — өзара сынасу емес, бір-бірін қолдау. Осы арқылы ол дау-дамайды ушықтырмай, керісінше, ағалық позициясын көрсетуге тырысқанын аңғаруға болады.

Threads қолданушылары видеоны әртүрлі қабылдады. Пікірлер арасында «Қарындасын қолдағысы келген ағалық қамқорлығыңызға ризамыз», «Міне, ағалық қолдау деген осы», «Ағалары болып Еңлікті шақырып сөзін жазып қолдап жіберіңіздер», «Қызды қорғап рэппен ән құраған, Ол - менің Балғын ағам!» деген баға басым.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор