Белгілі әнші Гүлмира Ізбасханова 30-ға келгенде тұсауын кестірді (ВИДЕО)
Күйеуге шығу үшін кесті дейді желі қолданушылары.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Гүлмира Ізбасханова 30 жасқа толған шағында тұсау кесу рәсімін жасап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Өнер иесінің бұл сәті бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылары бұл әрекетті әрқалай бағалады. Бірі әншінің ниетіне қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдірсе, енді бірі өз пайымын ортаға салды.
Оқырмандар пікірлерінде:
«Қадамыңа нұр жаусын», «Бір басың екеу болсын», «Енді бағың ашылады», «Жақсы жігіт кездесіп,тұрмысқа шықсын деп тілеймін!», «Күйеуге шығу үшін кескен сияқты», — деп жазды.
Әншінің өзі әзірге рәсімге қатысты түсініктеме берген жоқ, бірақ бейнежазба желіде кеңінен таралып, талқылау әлі де жалғасуда.
Материал авторы