393

Рудныйда 20 жастағы азаматты екі жасөспірім бала пышақтап кетті

Күдікті жасөспірімдерге ел бойынша іздеу салынды.

Рудныйда 20 жастағы азаматты екі жасөспірім бала пышақтап кетті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында 20 жастағы азамат кісі қолынан қаза тапты.

Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты үйлердің бірінен Рудный тұрғынының мәйіті табылған. Полиция оқиғаға байланысты 17 және 18 жастағы екі жасөспірімге іздеу жариялаған. Оларға 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдік тағылған.

Әлеуметтік желіде тараған видеожазбадан күдіктілердің подъезден жүгіріп шыққан сәті көрінеді. Сондай-ақ екінші жасөспірім «ақылды» домофонның алдында ұзақ тұрғаны және пәтерге қоңырау шалғаны байқалған. Бірнеше уақыттан кейін үйдің алдында жедел жәрдем көлігі келген.

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Материал авторы