«Бірде-бір балуан жеңген емес»: Данияр Елеусінов Серік Сәпиевке қатысты жанжалға пікір білдірді

24.01.2026, 18:08
1622
«Бірде-бір балуан жеңген емес»: Данияр Елеусінов Серік Сәпиевке қатысты жанжалға пікір білдірді instagram.com/yeleussinovdaniyar

Серік Сапиевтің аты аталған жанжалға Елеусінов ауыр сын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің атына қатысты дауға байланысты өз ұстанымын айтты.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында тараған пікірлерге тоқталып, Instagram желісінде Stories жариялап, кейбір жазбаларға наразылығын білдірді. Оның айтуынша, желіде шындыққа жанаспайтын, негізсіз әңгімелер көп.

«Соңғы жаңалықтарға байланысты кейбір пікірлерді оқыдым. Өкінішке қарай, өте орынсыз сөздер де айтылып жатыр. «Күрес — күш» деп жазады. Бірақ бетпе-бет кездесуде мені бірде-бір балуан жеңген емес. Себебі менің өз атам қазақша күрестен жауырыны жерге тимеген адам болған. Өзім де күресте ешқашан әлсіз болған емеспін, үнемі жеңіп жүрдім», — деді Данияр Елеусінов.

Ол бұл сөздерін өзінің спорттағы тәжірибесімен негіздеп, мұны жеке ортасындағы адамдар растай алатынын атап өтті. Сонымен қатар Елеусінов Серік Сәпиевтің салмақ дәрежесіне қатысты да пікір білдіріп, нақты жағдайдың мән-жайын толық білмейтінін айтты.

«Серік аға - өз саласында ауыр салмақтағы тұлға. Қазір салмағы шамамен 69-70 келі. Олардың арасында нақты не болғанын білмеймін. Бұл мәселені өздері шешеді», - деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Сапиев пен оның орынбасары - самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында жанжал шыққаны хабарланған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Есімхановтың басшысын кабинеттен итеріп шығарған сәті көрінеді. Кейін полиция бұл дерек бойынша денсаулыққа зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды