879

«Таяқ жемей қайтсін?»: Маржан Арапбаева қызымен шетелге кетті

Әншінің күйеуі ұрғаны туралы хабар тараған еді.

«Таяқ жемей қайтсін?»: Маржан Арапбаева қызымен шетелге кетті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Маржан Арапбаева қызы екеуі Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүр. Өнер иесі Дубайдан түсірілген суреттерді Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Жарияланған фотоларда әнші қызымен бірге бейнеленген. Жазбасында ол: «Осы қызым маған ұқсаған, өзім сияқты мінезі бар. Махаббат қой», — деп жазды.

Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқылау туғызды. Оқырмандардың бір бөлігі әншінің демалысына жылы лебіз білдірсе, енді бірі бұрын тараған тұрмыстық жанжалға қатысты қауесеттерді қайта қозғады. Пікірлер арасында тұрпайы әрі айыптауға құрылған жазбалар да кездесті.

«Күйеуі ұрды деп жатыр еді ғой, қыдырып жүр ғой», «Бұтында мини юбка байынан таяқ жемей қайтсін», «Сізге ұқсаса жаман қыз болмайды», «Қызың бақытты болсын», «Жеке өмірін халықтың талқысына салмай-ақ қою керек», «Қызын қорғап, өз жолымен кеткен сияқты», «», - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Маржан Арапбаеваны азаматтық күйеуі ұрып-соқты деген ақпарат тараған болатын. Кейін бұл дерек бойынша ресми мәлімет жарияланды. Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға түнгі уақытта тұрғын үй ауласында болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжал кезінде ер адам қоғамдық орында бейәдеп сөз айтып, әйелге күш қолданған. Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынған.

Сонымен қатар жәбірленушінің арызы негізінде дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қосымша материал тіркеліп, тексеру шаралары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Әншінің өзі бұл жағдайға қатысты әзірге ашық мәлімдеме жасаған жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор