408

Ыстамбұлда өзбек әйелдің бассыз мәйіті табылды

Қаза тапқан әйелдің жеке басы саусақ іздері арқылы анықталған.

Ыстамбұлда өзбек әйелдің бассыз мәйіті табылды
m.sabah.com.tr

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ыстамбұлда 37 жастағы Өзбекстан азаматының мәйіті табылды. Әйелдің денесі бассыз күйде қоқыс контейнерінен шыққан.

Қайғылы оқиға қаланың Шишли ауданында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, мәйітті макулатура жинап жүрген ер адам байқаған. Қоқыс жәшігінің ішінде матаға оралған әйел денесін көрген ол бірден полицияға хабар берген.

Оқиға орнына құқық қорғау органдары жедел жетіп, аумақты қоршауға алды. Тергеуге ауыр қылмыстарды ашуға маманданған арнайы бөлім тартылған.

Марқұмның жеке басы саусақ іздері арқылы анықталған. Қаза тапқан әйел 37 жастағы Өзбекстан азаматы Дурдона Хакимова болып шықты.

Қазір түрік полициясы қылмыстың мән-жайын анықтап, өлімнің себептері мен ықтимал нұсқаларды тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор