Серік Сәпиевке қатысты жанжал: Орынбасар алғаш рет мәлімдеме жасады

26.01.2026, 10:24
404
Серік Сәпиевке қатысты жанжал: Орынбасар алғаш рет мәлімдеме жасады SMARTNEWS.KZ коллажы

Дәурен Есімханов әлеуметтік желідегі видеоға жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен болған дау төңірегінде алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Есімхановтың айтуынша, әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан мәліметтер шынайы жағдайды толық көрсетпейді.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та объективті шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралып жатыр. Арандату мен жағдайды әдейі ушықтыруға жол бермеулеріңізді сұраймын», — деп жазды ол.

Бұған дейін Қарағандыда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал болғаны хабарланған. Желіде екі азаматтың арасында қақтығыс болғанын көрсететін видео тараған.

Полиция мәліметінше, құқық қорғау органдарына 42 жастағы Қарағанды тұрғыны денсаулығына зақым келгені жөнінде арызбен жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал болғаны анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Серік Сәпиев — 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, ал оның орынбасары Дәурен Есімханов — самбодан Азия және әлем чемпионы. Сонымен қатар, Есімхановпен 2025 жылдың жазында қызметтік этиканы сақтау мәселесіне байланысты профилактикалық жұмыс жүргізілгені белгілі болды.

Қарағанды облысы әкімдігі оқиғадан кейін басқарма қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданбақ.

Ал Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі әрі Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиевпен сөйлескенін айтып, «дене күшін қолдануға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды» деген пікір білдірді.

Серік Сәпиевтің өзі де орынбасарымен болған жағдайға түсініктеме беріп, жанжалдың себебін атаған. Қазіргі таңда басқармада қызметтік тексеріс тағайындалған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды