Apple миллиондаған iPhone қолданушыларына ақша аударып жатыр

26.01.2026, 11:29
226
Apple миллиондаған iPhone қолданушыларына ақша аударып жатыр ЖИ иллюстрациясы

Apple көпшілікке өтемақы төлеуге мәжбүр боп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Apple компаниясы Siri дауыстық көмекшісінің пайдаланушылардың жеке әңгімелерін заңсыз тыңдады деген айыпқа қатысты көпшілік талап-арызды реттеу аясында өтемақы төлеуді бастады. Алғашқы төлемдер осы аптада iPhone иелеріне түсе бастады.

Бұл дау 2019 жылдан бері жалғасып келеді. Сол кезде Siri кей жағдайда пайдаланушының рұқсатынсыз іске қосылып, жеке әңгімелерді жазып алғаны, кейін бұл мәліметтер жарнама берушілерге берілгені белгілі болған. Apple кейіннен Siri-дің құпиялылық саясатын күшейткенін мәлімдеді, алайда сот дауын тоқтату үшін өтемақы төлеуге келісті.

Өтемақы алу үшін 2014 жылғы 17 қыркүйек пен 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында Siri орнатылған Apple құрылғысын сатып алып, «Siri-дің өздігінен іске қосылуына» тап болған пайдаланушылар өтініш бере алды. Әр адам небәрі бес құрылғыға дейін тіркей алған.

Бастапқыда Apple бұл іске 95 млн доллар бөліп, әр құрылғы үшін 20 доллардан, яғни бір пайдаланушыға ең көбі 100 доллар төлеуді жоспарлаған. Алайда өтініш берушілер санының көп болуына байланысты нақты төлем көлемі бір құрылғыға 8,02 долларды, ал бір пайдаланушыға ең көбі 40,10 долларды құрады.

Төлемдер тікелей ақша аударымы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Ал өтемақыны сыйлық картасы түрінде алуды таңдаған қолданушыларға электронды пошта арқылы хабарлама жіберіледі.

Әдетте Siri арнайы «Сәлем, Siri» пәрмені арқылы іске қосылады. Алайда бұл жағдайда көмекші өздігінен белсеніп, кездейсоқ айтылған бренд атаулары кейіннен бағытталған жарнамада пайда болған. Төлем мөлшеріне қарағанда, өтініш беріп үлгерген Apple құрылғыларының иелері ондаған миллион адамды құрауы мүмкін.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды