314

Үндістан Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейін тегін виза береді

Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейін тегін виза беру туралы шешім қабылдады.

Үндістан Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейін тегін виза береді
SMARTNEWS.KZ коллажы

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ю.К. Сайлас Тангаль Астанада өткен Үндістан Республикасының Ұлттық күніне арналған қабылдауда мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz.

«Екіжақты туризмді ынталандыру мақсатында Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарына туристік және медициналық мақсаттармен, сондай-ақ ілесіп жүретін тұлғалар үшін 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын», – деді елші.

Оның айтуынша, аталған мүмкіндік онлайн өтініш беру арқылы да, сондай-ақ елшілікке тікелей жүгіну арқылы да қолжетімді болады.