398

2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны 250 мыңға жетті

2025 жылы Қазақстанға келген Үндістан азаматтарының саны шамамен 250 мың адамға жетті.

2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны 250 мыңға жетті
SMARTNEWS.KZ коллажы

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ю.К. Сайлас Тангаль мәлімдеді, деп жазады smartnews.kz.

«Туризм, соның ішінде медициналық және сауықтыру туризмі ынтымақтастықтың перспективалы бағытына айналуда. 2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны 250 мың адамға жетті деп күтілуде», – деді дипломат.

Елші бұл көрсеткіш екі ел арасындағы гуманитарлық және мәдени байланыстардың нығайып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтті.