Қостанай облысында балалар теміржолға шығып кетіп, пойызды шұғыл тоқтатты

26.01.2026, 15:10
252
Қостанай облысында балалар теміржолға шығып кетіп, пойызды шұғыл тоқтатты Tom Fisk / Pexels

Балалардың анасы жауапқа тартылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында теміржол бойында қауіпті жағдай тіркеліп, жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Оқиғаға кәмелетке толмаған балалардың теміржолға рұқсатсыз шығуы себеп болған.

Сот мәліметінше, бірнеше бала теміржолдың арнайы белгіленбеген тұсынан рельске шыққан. Жолаушылар пойызының машинисі балаларды қағып кетпеу үшін шұғыл тежеу жүйесін қолданған.

Аталған жағдайдан кейін тексеру жүргізіліп, балалардың бірінің анасы ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталды. Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысында анасының баласына қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйретпегені, қоғамдық және тұрмыстық ортадағы қауіптер туралы түсінік қалыптастырмағаны, сондай-ақ баланың тәрбиесіне жеткілікті бақылау жасамағаны көрсетілген.

«Ол ұлын тәрбиелеуден жалтарған, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын түсіндірмеген және моральдық әрі адамгершілік құндылықтарды қалыптастырмаған», – деп жазылған сот шешімінде.

Сот сондай-ақ балалардың теміржолдағы әрекеті ауыр салдарға, тіпті пойыз апатына әкелуі мүмкін болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында теміржолда қайғылы оқиға тіркелген еді. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйел ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды