Елші: Үндістан – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан ірі экономикалардың бірі
Үндістан бүгінде әлемдегі төртінші ең ірі әрі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың қатарына кіреді.
Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ю.К. Сайлас Тангаль мәлімдеді, деп жазады smartnews.kz.
«Бүгінде Үндістан – әлемдегі төртінші ең ірі әрі ең жылдам дамып келе жатқан ірі экономикалардың бірі», – деді дипломат.
Оның айтуынша, ел ғарыштық технологиялар, цифрлық инфрақұрылым, финтех, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, фармацевтика және биотехнология салаларында айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.