«Ішіп келіп ұрған»: Құндыз бен Назгүлді асырап алған әйелдің басқа балаларды да азаптағаны әшкере болды (ВИДЕО)

26.01.2026, 20:55
2398
«Ішіп келіп ұрған»: Құндыз бен Назгүлді асырап алған әйелдің басқа балаларды да азаптағаны әшкере болды (ВИДЕО) SMARTNEWS.KZ коллажы

Тараздағы Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Тараз қаласында ұзақ жылдар бойы аға-жеңгесінің қолында құлдықта болған Құндыздың қол-аяғы байланған сурет тарағаннан кейін қоғамда үлкен резонанс туған еді. Осы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүл тұрған жерге арнайы барып, олармен жеке сөйлескен.

Сұхбат барысында Құндыз өзін заңды қамқоршысы Зүлфия Төленова азаптағанын, скотчпен қол-аяғын және аузын байлағанын айтқан. Бұл мәлімдемеден кейін қамқоршыға қатысты күдік күшейе түсті.

Арада көп өтпей, Зүлфия Төленованың өз қамқорлығындағы өзге балаларға да күш көрсеткені жөнінде деректер жарияланды. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде бейнежазба таратып, онда қамқоршының мас күйде балаларды ұрып-соғып жатқан сәттері бейнеленгенін мәлімдеді.

Журналисттің айтуынша, 2025 жылдың 29 желтоқсанында Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар — оның асыранды балалары.

«Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады», — деп жазды Руслан Өтепбай.

Оның айтуынша, бұл істі Жамбыл облысының полиция департаменті толық әрі әділ тексереді деген үміт бар. Құзырлы органдар әзірге ресми қорытынды жариялаған жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады