Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған ана қамауға алынды
Баласына азап көрсеткен әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында соққыға жығылған баланың анасына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкцияланды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды.
Ведомство өкілдері әйелдің қазір қамауда отырғанын растады. Тергеу Қылмыстық кодекстің 110-бабы — «Истязание» бойынша жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Жаркент қаласында өз баласын ұрып-соқты деген күдікпен әйелдің ұсталғаны белгілі болған еді. Қазіргі таңда балалар уақытша отбасын қолдау орталығына орналастырылған.
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, баланы батареяға байлап, ұрған анаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сонымен қатар қамқоршылық және қорғаншылық органдары оның ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарайды.
Кейінірек Жетісу облысында соққы көрген баланың әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Материал авторы