Тоқаев Светлана Жақыпованы министр қызметінен босатты

27.01.2026, 15:24
305
Тоқаев Светлана Жақыпованы министр қызметінен босатты primeminister.kz

Жақыпова еңбек министрі қызметінен кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатты. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан ресми түрде босатылған.

Светлана Жақыпова 1968 жылы Қарағанды облысында туған. Ол Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, сондай-ақ Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысындағы Қарой орта мектебінде мұғалім ретінде бастаған. 1991–1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ берген.

1997–2008 жылдар аралығында Ақмола облыстық «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың»филиалында аға маманнан директорға дейінгі түрлі қызметтерді атқарған.

2008–2011 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментін басқарды.
2011–2013 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жанындағы жобалық офис бағдарламасының жетекшісі болды.

2013–2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

2020 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

2020–2023 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасының әлеуметтік даму мәселелері бойынша ұлттық сарапшысы ретінде жұмыс істеді.

2023 жылдың маусымынан бастап Президент жанындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент жарлығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған. 2024 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев оны аталған қызметте қалдырған еді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)