«Русланды өлтіремін!»: Құндыздың Руслан Өтепбайды балағаттаған бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)
Құндыздың сөздеріне қоғам сенбей отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде 17 жыл бойы құлдықта болған Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты ауыр сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарады. Бейнежазба қоғамда кең резонанс тудырып, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Видеода Құндыз журналистің атына бейәдеп сөздер айтып, оған қатысты қорқыту сипатындағы мәлімдемелер жасағаны байқалады. Айтылған сөздер қоғам тарапынан алаңдаушылық тудырып, көптеген сұраққа жол ашты.
Желі қолданушылары видеодағы жағдайға күмәнмен қарап, оның өз еркімен айтылған-айтылмағанына назар аударған. Көпшілік Құндыздың психологиялық жағдайына, сондай-ақ бейнежазбаның қандай жағдайда түсірілгеніне қатысты түрлі болжамдар келтірді.
Пікір қалдырғандардың бір бөлігі Құндыздың жүйке жүйесі әбден әлсірегенін, оның бұл әрекетін сол жағдаймен байланыстыруға тырысса, енді бірі видеода қысым немесе қорқыту белгілері болуы мүмкін екенін алға тартты. Кейбір желі қолданушылары Құндыздың бұрынғы сұхбаттарындағы сөздерімен бұл бейненің мазмұны сәйкес келмейтінін атап өтті.
Сондай-ақ қоғамда бұл видео жазадан жалтару немесе жағдайды басқа арнаға бұру мақсатында әдейі түсірілген болуы мүмкін деген пікірлер де айтылып жатыр. Қазіргі таңда бейнежазбаның нақты қандай жағдайда және қандай мақсатпен түсірілгені ресми түрде расталған жоқ.
Оқиғаға қатысты құзырлы органдар тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.
Материал авторы