SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Әлемдік дода бұл күндері Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатыр.
Турнирдің ширек финалында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Польшаның өкілі, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті сенімді түрде жеңді. Кездесу екі сетте аяқталып, Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен басым түсті.
Бұл нәтиже қазақстандық спортшының турнирдегі ең ірі жеңістерінің бірі саналады. Рыбакина матч барысында бастаманы өз қолында ұстап, шешуші сәттерде қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.
Жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық теннисшілер — Джессика Пегула мен Аманда Анисимова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.
Australian Open — «Үлкен дулыға» санатындағы төрт ірі турнирдің бірі. Рыбакинаның бұл кезеңге шығуы Қазақстан теннисі тарихындағы маңызды жетістіктердің қатарын толықтырды.
RUS