iPhone 18-дің шығатын уақыты кейінге шегерілді

28.01.2026, 12:14
350
iPhone 18-дің шығатын уақыты кейінге шегерілді MacRumors

Жаңа модельдердің бағасы 1450 долларға жуық болуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Apple келесі буын смартфондарының таныстырылым кестесін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Танымал инсайдер Digital Chat Station мәліметінше, iPhone 18-дің базалық нұсқасы тек 2027 жылдың алғашқы тоқсанында сатылымға шығады.

Ал 2026 жылдың қыркүйегінде компания дәстүрлі толық линейканың орнына тек iPhone 18 Pro модельдерін және Apple тарихындағы алғашқы бүктелмелі смартфон — iPhone Fold құрылғысын таныстыруды жоспарлап отыр.

Инсайдердің дерегіне сүйенсек, бұл екі модель де премиум сегментке бағытталады. Бағасы шамамен 10 мың юань (шамамен 1450 АҚШ доллары) деңгейінде болуы мүмкін.

Дереккөз қыркүйек айында қытайлық өндірушілер де жаңа флагмандық смартфондарын нарыққа шығаратынын атап өтті. Бұл жағдай Pro және Pro Max санатындағы бәсекені күшейтеді. Негізгі интрига — қытай брендтері жоғары баға сегментінде орнығып, 5000–7000 юань (720–1000 доллар) аралығындағы нарық үлесін тартып ала ала ма деген сұрақ.

Айта кетейік, Digital Chat Station бұған дейін Xiaomi 15 пен Xiaomi 15 Pro модельдерінің сипаттамаларын дәл болжаған. Сондай-ақ ол Realme GT 7 Pro смартфоны Samsung өндірісінің жарқын экранын алатынын және Dimensity 9400 процессоры Snapdragon 8 Elite-тен бұрын таныстырылатынын алғаш хабарлаған инсайдер ретінде танымал.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан