765

Қостанайдағы шекара бекеті арқылы елге 60 тоннадан астам бидай кіргізбек болғандар ұсталды

Қостанай облысындағы «Қайрақ» өткізу пункті арқылы елге 60 тоннадан астам бидай кіргізбек болғандар анықталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қостанайдағы шекара бекеті арқылы елге 60 тоннадан астам бидай кіргізбек болғандар ұсталды
Қостанай облыстық кірістер департаменті

«21 сәуірде Қостанай облыстық Шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, «Қайрақ» автокөлік өткізу пункті арқылы Қазақстанға 60 тоннадан астам бидай ипорттамақ болған 2 әрекеттің жолын кесті. Олар өзге тауардың атын жамылып, елге арпа кіргізбек болды. Ілеспе жүк-құжаттарында өзге тауардың атауы жазылған», - деп мәлім етті Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен 10 сәуірден бастап 6 ай бойы елімізге бидай әкелуге тыйым салынған болатын.