Петропавлда аялдамадағы пакет үшін шұғыл дабыл жарияланды (ВИДЕО)

28.01.2026, 17:26
316
Петропавлда аялдамадағы пакет үшін шұғыл дабыл жарияланды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Аялдамадағы күдікті пакет қала қызметтерін әбігерге салды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавл қаласында жедел әрекет ету қызметтері дабыл бойынша көтерілді. Қала тұрғындарын автобус аялдамасында жатқан иесіз пакет алаңдатқан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 16 қаңтар күні таңертең Батыр Баян көшесіндегі аялдамада күмән тудырған пакет байқалып, бұл туралы «102» арнасына хабар түскен. Қауіпсіздік мақсатында полицейлер көшені уақытша жауып, саперлердің жұмысын қамтамасыз еткен.

Тексеру нәтижесінде қауіпті заттар табылған жоқ. Белгілі болғандай, пакет ішінде кәдімгі тұрмыстық қоқыс қана болған.

Кейін учаскелік полиция инспекторы, Петропавл қалалық полиция басқармасының екінші бөлімінің қызметкері Мұрат Арыков жүргізген тексеріс барысында құқықбұзушы анықталды. Ол 65 жастағы зейнеткер болып шыққан. Бұрын өзі де қала көшелерін тазалау жұмыстарында еңбек еткен азамат бұл жолы қоқысты арнайы жәшікке апармай, аялдамаға қалдырып кеткен.

Айта кетейік, екі жыл бұрын осы ер адамның жұбайы да қоқысты белгіленбеген жерге тастағаны үшін жауапқа тартылған. Содан бері әйел мұндай заңбұзушылыққа жол бермеген.

Ортақ пайдаланылатын аумақты ластағаны үшін әкімшілік материал сотқа жолданып, құқықбұзушы айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды