«Қайрат» «Арсенал» қақпасына 2 гол салды
Алматылық клуб турнирді соңғы орынмен аяқтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы ойынын сырт алаңда Лондонның «Арсенал» клубына қарсы өткізді.
Кездесу Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтті. Матчқа швейцариялық төреші Урс Шнидер бастаған қазылар алқасы қызмет көрсетті.
Командалардың бастапқы құрамдары:
«Арсенал»: Кепа, Москера, Уайт, Эзе, Мартинелли, Дьекереш, Нергор, Мадуэке, Хаверц, Калафьори, Льюис-Скелли.
«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Садыбеков, Жоржиньо, Мартынович, Глэйзер, Тапалов, Мрынский, Широбоков, Эдмилсон, Сорокин.
Ойынның небәрі екінші минутында есепті Виктор Дьекереш ашты. Алайда көп ұзамай Риккардо Калафьори өз айып алаңында Жоржиньоны құлатып, қонақтар пенальтиге ие болды. Он бір метрлік айып добын Жоржиньо дәл орындап, таразы басын теңестірді.
Бірінші тайм аяқталғанға дейін «Арсенал» тағы екі мәрте гол соқты. Қай Хаверц пен Габриэль Мартинелли Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаны дәл көздеді. Екінші таймда ойын барысы айтарлықтай өзгермей, матч 3:2 есебімен аяқталды.
Осылайша «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін небәрі бір ұпаймен аяқтап, турнир кестесінің соңғы сатысында қалды.
«Арсенал» (Лондон, Англия) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — 3:2 (3:1)
Голдар:
Дьекереш 3 (1:0),
Жоржиньо (пенальти) 7 (1:1),
Хаверц 15 (2:1),
Мартинелли 38 (3:1),
Рикардиньо 90+3 (3:2).
Материал авторы