272

Гренландияда АҚШ туын көтеру рәсімі тоқтатылды (ВИДЕО)

Полиция оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Гренландияда АҚШ туын көтеру рәсімі тоқтатылды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гренландия астанасы Нуук қаласында ер адам АҚШ туын көтеруге әрекеттенгенімен, жергілікті тұрғындар оған жол бермеді. Оқиға 28 қаңтарда болған.

Куәгерлердің айтуынша, жағдай ушығып кетпеген. Ер адам туды іліп үлгермей тұрып, тұрғындар оны тоқтатқан. Қазір полиция бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

«Барлығы бейбіт жағдайда өтті. Адамдар құқық бұзушыны дер кезінде тоқтатты. Тергеу жалғасып жатыр», – деп хабарлады жергілікті телеарналар.

Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады.

«Еуропа ақиқаты» басылымының мәліметінше, 2024 жылы Дания аумағында шетел мемлекеттерінің туларын ілуге тыйым салынған. Алайда бұл шектеу Данияның солтүстік көршілеріне, Германия туына, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың рәміздеріне қолданылмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Давоста АҚШ президенті Гренландияны сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтып, арал мәселесін НАТО қауіпсіздігімен байланыстырған еді. Алайда Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссен бұл тақырыпта АҚШ-пен келіссөз жүргізу мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Материал авторы