БҚО-да бұрынғы әйелінің интимдік фотоларын таратқан ер адам ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
29.01.2026, 16:01
231
БҚО-да бұрынғы әйелінің интимдік фотоларын таратқан ер адам ұсталды объясняем.рф

WhatsApp арқылы интимдік материал таратқан күдікті тергеліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында жеке өмірге қолсұғушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам бұрынғы жұбайының интимдік фотосуреттерін оның келісімінсіз таратқан.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталында хабарланғандай, аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген. Бұл норма жеке өмірге қатысты, адамның жеке құпиясын құрайтын мәліметтерді келісімінсіз заңсыз таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді. Аталған бапқа сәйкес жаза ретінде 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір қызметпен айналысу немесе лауазым атқару құқығынан айыру қарастырылған.

Дәл осы бап бойынша БҚО полиция департаментінің аудандық бөлімдерінің бірінде қылмыстық іс қозғалған.

«Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушінің бұрынғы күйеуі болып шықты. Күдікті WhatsApp мессенджері арқылы бұрынғы әйелінің интимдік фотоматериалдарын оның келісімінсіз заңсыз таратқан», – деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.

Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы ретінде пайдаланылған ұялы телефон тәркіленген.

Полиция өкілдері жеке немесе бұрынғы отбасылық қатынастар қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. Ведомство мәліметінше, жеке және интимдік сипаттағы материалдарды келісімсіз тарату – цифрлық ортада да қылмыстық жауапқа әкелетін әрекет.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды