134 миллион теңгелік пара: ҰҚК шенеуніктердің үйінде тінту жүргізді

30.01.2026, 10:01
209
134 миллион теңгелік пара: ҰҚК шенеуніктердің үйінде тінту жүргізді pixelshot

ШҚО-дағы жол саласына жауапты басқарма басшысы пара алу күдігімен тергеліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей жоғары лауазымды шенеунікке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

ҰҚК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану күдігімен тергеуге алынды.

Ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, басқарма басшысы жол-құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырған. Алдын ала есеп бойынша, алынған қаражаттың жалпы сомасы 134 миллион теңгені құрайды.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында 121,9 миллион теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленген.

Сонымен қатар осы өңірдегі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестациядан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақша алып келген.

Сот санкциясымен аталған лауазымды тұлғалар қамауға алынды.

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды