Алименттен қашқан қостанайлық Мәскеуден бір-ақ шықты

30.01.2026, 10:23
224
Алименттен қашқан қостанайлық Мәскеуден бір-ақ шықты Africa images

Прокуратураның араласуымен бұрынғы күйеу Ресейден ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматты Ресейдің Мәскеу қаласынан анықтады. Бұл туралы ведомствоның ресми мәлімдеді.

Қостанай облысының прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарау сапасына ерекше көңіл бөліп отырғанын мәлімдеді. Әрбір арыз-шағым мұқият тексеріліп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғау және қалпына келтіру бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданады.

Ведомство дерегінше, азаматтардың бір бөлігі прокуратура қызметкерлерінің бейжай қарамағаны мен кәсібилігі үшін алғыс білдірген.

Атап айтқанда, Қостанай қаласының тұрғыны прокуратураға бұрынғы жұбайының алимент төлеуден жалтарып, тұрғылықты жерін жасырғанын айтып, оның жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрап жүгінген.

Прокурорлық ықпал ету шаралары аясында жедел түрде іздестіру ісі қозғалып, алимент бойынша берешегі бар азамат Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан табылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өтініш иесі прокуратура органдарына алғыс хат жолдаған.

Сонымен бірге, тағы бір өтінішті қарау барысында Қостанай облысы Денисов ауданындағы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 105 қызметкерінің конституциялық құқықтары бұзылғаны анықталды.

Тексеру барысында еңбеккерлерге демалыс ақысы, іссапар шығындары және өтемақы төлемдері толық көлемде төленбегені белгілі болды.

Аталған деректер бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданып, заңбұзушылықтар толық жойылды. Нәтижесінде білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 13,6 миллион теңге төленді.

Денисов ауданының білім саласы қызметкерлері де прокуратураға алғыс хат жолдап, өз құқықтарының қалпына келуіне аудан прокуратурасының қосқан үлесін атап өткен.

Прокуратура мәліметінше, 2025 жылы небәрі 1 030 азамат пен заңды тұлғаның өтініші қанағаттандырылған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады