SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Конституция — елдің негізгі заңнамалық тірегі екенін атап, болашақта оған кез келген, тіпті шағын түзетулерді енгізу тек референдум арқылы ғана мүмкін екенін мәлімдеді.
«Конституция — кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Біз оны білуіміз, бағалауымыз қажет. Сондықтан болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, тек референдум арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймын. Бұл халқымыздың азаматтық құқықтарын нығайтудың маңызды жолы», — деді Президент.
Сондай-ақ, ол Комиссия Конституцияға қатысты барлық ұсыныстарды мұқият саралағанын, ал ойластырылған түзетулер негізгі бөлімдер мен баптар, соның ішінде преамбуланы түгел қамтитынын атап өтті.
RUS