473

СҚО-да көлік аударылып, рөлде отырған 19 жастағы жігіт қаза тапты

Toyota Camry аударылып, жас жүргізуші көз жұмды.

СҚО-да көлік аударылып, рөлде отырған 19 жастағы жігіт қаза тапты
көрнекі сурет / realbrest.by

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында кеше кешкі уақытта адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні Тайынша – Чкалов автожолында болған. Мироновка ауылының маңында Toyota Camry маркалы автокөлік аударылып кеткен.

Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік Донецкое ауылынан Тайынша бағытына қарай қозғалған. Рөлде небәрі 19 жастағы жүргізуші болған. Салонда тағы екі жолаушы отырған.

Жол-патрульдік қызметтің дерегінше, жүргізуші көлікті жоғары жылдамдықпен басқарып келе жатып, басқаруды игере алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Соның салдарынан автокөлік аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Жолаушылар жеңіл дене жарақатын алды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Материал авторы