614

Атышулы Қызылқоға ауданында келін 82 жастағы енесін пышақпен қуып жүріп өлтірді

Шизофреник келінінің қолынан кейуана қаза тапты.

Атышулы Қызылқоға ауданында келін 82 жастағы енесін пышақпен қуып жүріп өлтірді
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында келінінің қолынан қаза тапқан кейуанаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында 82 жастағы әйелді туған келіні өлтірді. Қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында болғанымен, дерек қазір ғана жария етілді.

Тергеу материалдарына сәйкес, марқұм ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатқан, өздігінен жүріп-тұра алмай, өзге адамдардың көмегіне мұқтаж болған.

Полицияның мәліметінше, оқиға болған күні үйде тек кейуана мен оның 38 жастағы келіні болған. Тергеу барысында келінінің енесіне пышақпен шабуыл жасағаны анықталған.

Зардап шеккен әйел аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Кейуана алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.

Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы — «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу аясында сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалған. Сарапшылар күдіктінің созылмалы параноидты шизофрения дертімен ауыратынын анықтаған.

Қазіргі уақытта іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралып жатыр.

Материал авторы