Қазақ еліне +1 жеңіс! Елена Рыбакина Australian Open додасының чемпионы атанды

31.01.2026, 16:18
360
Қазақ еліне +1 жеңіс! Елена Рыбакина Australian Open додасының чемпионы атанды Mike Hewitt/Getty Images

Рыбакина ең қауіпті қарсыласы, әлемнің бірінші ракеткасы Соболенконы ойсырата жеңді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің чемпионы атанды.

Мельбурнде өткен, хард жабындысындағы маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінің финалында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді.

Шешуші матч үш сетке созылып, 2 сағат 18 минутқа жалғасты. Қорытынды есеп — 6:4, 4:6, 6:4.

Кездесу барысында Рыбакина 6 эйс жасап, 3 қос қате жіберді және 6 брейк-пойнттың 3-еуін сәтті пайдаланды.

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған 26 жастағы спортшы үшін бұл — Australian Open турниріндегі алғашқы чемпиондық атақ. Сондай-ақ бұл — оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші жеңісі. Бұған дейін, 2022 жылы, Рыбакина Уимблдонды жеңіп алған еді.

Ал Арина Соболенко Australian Open финалында қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Былтыр Мельбурндегі турнирдің чемпионы америкалық Мэдисон Киз болған. Оған дейін бұл жарыста Беларусь теннисшісі екі мәрте топ жарған.

Турнир қорытындысы бойынша Арина Соболенко әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтайды. Елена Рыбакина бесінші орыннан үшінші сатыға көтеріледі. Екінші орында польшалық теннисші Ига Швёнтек болады.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті