790

7 триллион теңге: Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін банктердің трансшекаралық операциялары тексеріледі

Криптовалюта арқылы елден ірі қаржы көлемі шетел асқаны айтылған еді.

7 триллион теңге: Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін банктердің трансшекаралық операциялары тексеріледі
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірқатар банктің трансшекаралық операцияларына тексеріс жүргізе бастайды.

Агенттіктің хабарлауынша, белгіленген тәртіпке сәйкес бірнеше банктің шекарааралық қаржы операциялары кешенді түрде тексеріледі. Тексеру жұмыстарына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен қатар Қазақстан Ұлттық банкі және Қаржылық мониторинг агенттігі де қатысады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тексерістің басты мақсаты – трансшекаралық аударымдардың заңдылығын, олардың экономикалық негізділігін және қаржы ағындарының қайда бағытталғанын анықтау.

Еске салсақ, 28 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстандағы банктердің бірінің арқылы көршілес мемлекеттен үшінші елдерге небәрі 7 триллион теңге аударылғанын мәлімдеген болатын.

Сол жиында Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, күмәнді және заңсыз операцияларға бақылауды күшейтуді тапсырды.

Президент, әсіресе, ақшаны криптовалютаға айналдыру арқылы елден заңсыз шығару схемаларына тосқауыл қою қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ол бақылау шаралары адал бизнеске қысым болмауы тиіс екенін қадап айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, банктер арқылы жүзеге асатын күмәнді қаржы ағындарына қатаң әрі жүйелі мониторинг орнату – қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі.

Материал авторы