Риддерде баланы қағып қашып кеткен жүргізуші жазаланды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
02.02.2026, 09:14
262
Риддерде баланы қағып қашып кеткен жүргізуші жазаланды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Баланы қағып, жедел жәрдем шақырмай кеткен жүргізушіге үкім шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Риддер қаласында аула ішінде алты жастағы баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушіге сот үкім шығарды.

Оқиға 2025 жылғы 23 желтоқсанда Төртінші шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Yk-news.kz сайтының хабарлауынша, Lada X-Ray маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Сотта анықталғандай, жүргізуші баланы қағып алғаннан кейін көлігін тоқтатып, сыртқа шыққан және баламен қысқаша сөйлескен. Өз пайымынша «бәрі дұрыс» екеніне көз жеткізген соң, ол жедел жәрдем де, полиция да шақырмай, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жол-көлік оқиғасы куәгерлердің хабарламалары мен көпқабатты үй кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы белгілі болған.

Риддер қалалық сотының мәліметінше, апат салдарынан бала денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Сот жүргізушіні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігі бойынша — жол қозғалысы қағидаларын бұзып, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі үшін кінәлі деп таныды. Оған 173 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі бойынша бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Ольга Кайгородованың айтуынша, оқиғадан кейін дәрменсіз күйдегі адамды қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс те қозғалған.

«Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүргізуші жәбірленушілермен өзі байланысқа шығып, кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап кешірімін қабылдап, қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш жазды. Себебі жүргізуші шын мәнінде өкініш білдірді және зейнет жасына таяп қалған азамат болып шықты. Қазір баланың жағдайы жақсы, ауыр салдары болған жоқ», – деді қорғаушы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады