SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open–2026 турниріндегі тарихи жеңісінен кейін журналистердің күтпеген ұсынысына жауап берді.
Sports.kz мәліметінше, финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтқан Рыбакинадан дәстүрге айналған ерекше рәсім туралы сұралған.
Журналистер спортшыға: «Сізге дейінгі көптеген Australian Open чемпиондары Ярра өзеніне шомылуды дәстүрге айналдырған. Сізге бұл ой ұнай ма?» — деген сауал қойды.
Елена Рыбакина бұл ұсынысты бірден қабылдамады.
«Ой, жоқ… Мен мұны нақты жасай алмаймын», — деп жауап берді ол күліп.
Айта кетейік, Australian Open–2026 финалында Рыбакина Арина Соболенконы үш сетке созылған тартысты матчта — 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет Мельбурндегі турнирдің чемпионы атанды.
Бұл — қазақстандық теннисшінің «Үлкен дулыға» санатындағы екінші титулы. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдон турнирінде топ жарған.
RUS