Apple алдағы жылы «бүктелетін» iPhone шығарады

02.02.2026, 12:47
219
Apple алдағы жылы «бүктелетін» iPhone шығарады mediatrend.mediamarkt.com.tr

Apple революциялық идеяға жүгінбек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Apple компаниясы квадрат пішінді «бүктелетін» iPhone шығару жоспарын қарастыруда. Бұл туралы Bloomberg-тің журналисті Марк Гурман жазды.

Гурманның Power On бюллетенінде айтылатыны бойынша, жаңа гаджет әлі тек талқылау сатысында тұр және өндірісі нақты бекітілген жоқ. Дегенмен, компания алғашқы «бүктелетін» iPhone сәтті шықса, бұл осы санаттағы құрылғыларға сұранысты арттырып, басқа өлшемдер мен форм-фактордағы модельдерді дамытуға жол ашуы мүмкін деп үміттенеді.

Бұған дейін Apple бірнеше «бүктелетін» прототип жасап көргенімен, алғашқы модель ретінде планшет тәрізді құрылғы таңдалған. Енді бұл идея қайта қаралып жатыр. Айта кетсек, алғашқы «бүктелетін» iPhone-ның релизі 2026 жылдың күзінде жоспарланған. Күтілгеніндей, сыртқы дисплейі – 5,5 дюйм, ал ішкі дисплейі – 7,8 дюйм болады.

Сондай-ақ Гурман Apple «кітап тәрізді» құрылғы нұсқасын да қарастырып жатқанын айтты. Бұған қоса, өткен жылы 18 дюймдік «бүктелетін» iPad шығарылуы мүмкін екендігі хабарланған, оның бағасы шамамен $3000 болуы ықтимал.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды