234

«Эмоциясын жасырады»: Серена Уильямстың бұрынғы бапкері Елена Рыбакинаны қорғады

Көпшілік сын айтса да, бұрынғы чемпионның жаттықтырушысы Рыбакинаны мақтады.

«Эмоциясын жасырады»: Серена Уильямстың бұрынғы бапкері Елена Рыбакинаны қорғады
instagram.com/wta

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі америкалық теннис жаттықтырушысы, бұрын Серена Уильямстың бапкері болған Рик Маччи қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға қатысты комплимент айтты.

Көпшілік Рыбакинаны кордта эмоциясын көрсетпейді деп сынайды. Дегенмен Маччи оның бұл қасиетін жоғары бағалады:

"Көп адам сынына салып жатады, өйткені Рыбакина эмоциясын көрсетпейді. Шынайы чемпиондар бәрін іште сезеді. Маңыздысы – беткейде емес, бетперде астында жасырылған нәрсе. Ұлы болу үшін және мінсіз ойын көрсету үшін, тыныштық пен қарқын бір мезетте үйлесуі керек, және Рыбакина оны көрсетті", – деп жазды жаттықтырушы.

Маччи пікірі бойынша, Рыбакинадағы ішкі тыныштық пен эмоцияның үйлесімі оның жетістігінің маңызды факторы болып отыр.

Материал авторы