SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің орынбасары Дмитрий Медведев 2026 жылға қатысты ерекше болжамын айтты.
ТАСС, Reuters және Wargonzo жобасына берген сұхбатында ол ең сенімсіз оқиғалардың қатарында НАТО-ның ыдырауы мен Еуропалық Одақтың (ЕО) Ресей мұнайы мен газын қайта сатып алуы мүмкіндігін атады. Медведевтің пікірінше, бұл екі сценарий де «планета үшін пайдалы» болар еді.
«Мысалы, Еуропалық одақ Ресейден қайтадан газ бен мұнай сатып алу үшін кешірім сұрар еді. Немесе Солтүстік Атлантика альянсы АҚШ-тың шығуымен ыдырар еді. Екеуі де, айтпақшы, біздің планетаға пайдалы болар еді», — деді ол.
Медведев мұндай сценарийлердің өмірде жүзеге асу ықтималдығын да бағалады:
«Барлық мүмкін емес нәрселер сияқты, мүмкін».
Айта кетейік, 26 қаңтарда ЕО Кеңесі 2027 жылдан бастап Ресейдің сұйылтылған табиғи газын импорттауға тыйым салуды бекітіп, бұзғандарға миллиондаған айыппұл салынатынын жариялады. Кремль бұл шешімді «өте ақылсыз қадам» деп бағалады. Ал Словакия мен Венгрия ЕО-ның шешіміне шағымдануды жоспарлап отыр.
RUS