Бұқтырмада туризмді дамыту үшін жағажай абаттандылылып, жаңа саябақ салынбақ

22.04.2023, 13:32
566
Бұқтырмада туризмді дамыту үшін жағажай абаттандылылып, жаңа саябақ салынбақ inform.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырмада туризмді дамыту үшін жағажай абаттандылылып, жаңа саябақ салынбақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұған дейін өңірдің інжу-маржаны саналып келкен Алакөл қазір Шығыс Қазақстаннан бөлініп шыққан Абай облысының құрамында. Енді аймақ туризмін Бұқтырма жағалауында дамыту көзделіп отыр.

Осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылатынын ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов айтып берді.

«Бұқтырмадағы туризмді дамыту жұмыстары 3 кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең биыл басталады. Онда Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абаттандырумен айналысамыз. Бүгінгі таңда жолдарды күрделі жөндеу және көшелерді абаттандыру бойынша жобалар әзірленді. Сондай-ақ, саябақ пен серуендеу аймақтарын жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі», - дейді ол.

Келесі жылдың соңына дейін жалғасатын жобаның екінші кезеңінде «Арбат» жаяу серуендеу аймағы салынып, қоғамдық жағажай абаттандырылмақ.

«Жұмыстар жер учаскелері рәсімделгеннен кейін басталады. Жерді алу мерзімі – осы жылдың мамыр айының басы. Содан соң Октябрьский кентіндегі қолданыстағы өрт сөндіру депосының аумағында 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру бекеті мен гараж боксын салу көзделіп отыр», - дейді М. Қабақов.

Оның айтуынша, үшінші кезеңде Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа саябақ салынады. Онда ойын алаңдары, вело-серуендеу аймағы, қоғамдық тамақтанатын орындар, концерттік сахна және сәулеттік нысандар болады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады