Нұрай Серікбай ісі: марқұмның отбасы тергеуді ІІМ-ге беруді талап етті

02.02.2026, 16:45
319
Нұрай Серікбай ісі: марқұмның отбасы тергеуді ІІМ-ге беруді талап етті әлеуметтік желіден

Жәбірленуші тарап Шымкент полициясы мен прокуратурасының жұмысына сенімсіздік білдіріп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың отбасы қылмыстық істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді талап етті.

Марқұмның отбасының мүддесін қорғап жүрген адвокат Сержан Нұрпейісовтің айтуынша, жәбірленуші тарап Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тіркелген қылмыстық істі ІІМ-нің Тергеу департаменті тергеуі тиіс деп санайды. Сонымен бірге іс бойынша прокурорлық қадағалауды Бас прокуратураға жүктеу қажет деген талап қойылған.

Адвокаттың мәлімдеуінше, бұл ұстаным жәбірленуші тараптың Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала прокуратурасының жұмысына сенімсіздік танытуымен байланысты.

«Осы деректер жәбірленуші тараптың Шымкент қаласының полиция департаментіне және Шымкент қаласының прокуратурасына деген сенімсіздігін тудырып отыр және қылмыстық істің ары қарай осы органдарда тергелуіне қарсылық білдіреді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Сержан Нұрпейісовтің сөзінше, марқұмның отбасы іс тергеуі Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына беріліп, прокурорлық бақылау Бас прокуратура деңгейінде жүзеге асқан жағдайда ғана сотқа дейінгі тергеу әділ әрі жан-жақты өтеді деп есептейді.

Еске салайық, 11 қаңтар күні кешке Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан қаза тапқаны хабарланған болатын. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 28 жастағы Шерхан Аймахан есімді ер адам қамауға алынған.

Марқұмның туыстары Нұрай Серікбайдың бұған дейін күдіктіге қатысты полицияға бірнеше рет шағымданғанын, алайда арыздарының қабылданбағанын алға тартады. Олар полиция қызметкерлерін немқұрайлық танытты деп айыптап отыр.

Бұл іске Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, оқиғаның қоғамда үлкен резонанс тудырғанын атап өткен. Президент Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырған еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды