Депутат Конституция жобасы билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға арналғанын атап өтті

02.02.2026, 20:01
234
Депутат Конституция жобасы билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға арналғанын атап өтті Динара Наумова

Парламентте Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны айтылды.

Депутат бүгін талқыланып жатқан Конституция жобасы елдің конституциялық жүйесін қазіргі заманғы талаптар мен қоғамның сұраныстарын ескере отырып одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Оның айтуынша, қолданыстағы Конституция мемлекеттің қалыптасуында шешуші рөл атқарып, егемендік негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, қазіргі әлеуметтік және институционалдық сын-қатерлер мемлекеттік басқару жүйесі мен құқықтық тетіктерді өзгермелі жағдайларға бейімдеуді талап етеді.

«Конституция - тек негізгі құқықтық құжат қана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі. Осы тұрғыда ұсынылып отырған өзгерістер билік пен азаматтар арасындағы алшақтықты қысқартуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және нақты қоғамдық сұраныстарға бағдарлануға бағытталған», - деді Динара Наумова.

Наумованың айтуынша, жоба аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, сот төрелігінің әділдігін күшейтуге, сондай-ақ азаматтардың мүдделеріне тікелей әсер ететін, оның ішінде цифрландыру жағдайындағы сезімтал салаларда нақты кепілдіктерді қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар депутат мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған институционалдық өзгерістерге де тоқталды. Оның пікірінше, Құрылтай түріндегі бірпалаталы Парламентке көшу және Халық кеңесін құру қоғамдық пікірді ескере отырып, шешімдерді неғұрлым жедел әрі сараланған түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

«Жалпы алғанда, ұсынылып отырған жоба әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға және мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл бастама тұрақтылық пен жаңғырудың бір-бірін толықтыра алатынын көрсетіп, орнықты дамуды және азаматтардың сенімін сақтауға жағдай жасайды», -деп түйіндеді депутат.

Сонымен бірге жоба билік тармақтарының архитектурасын нақтылауды, оның ішінде вице-президент институтын енгізуді көздейді. Бұл шаралар қазіргі заманғы үдерістердің күрделене түсуі жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады