«Қылмыстық іс қозғалды»: Талдықорғанда үш жасар қызды әкесі соққыға жыққан

03.02.2026, 09:16
228
«Қылмыстық іс қозғалды»: Талдықорғанда үш жасар қызды әкесі соққыға жыққан Pixabay.com

Бала ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорған қаласында үш жасар қызды әкесі ұрып-соғып, бала ауыр халде жансақтау бөліміне түсті.

Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршін 2 ақпан күні кешкі уақытта облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ол дереу анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр.

Әлеуметтік желілерде кішкентай қыздың денесіндегі соққы іздері мен көгерген жарақаттары көрінетін бейнежазба тарады. Анасының айтуынша, баласына дене жарақатын мас күйде болған әкесі салған.

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2 ақпан күні сағат 21:00 шамасында «102» арнасына медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық белгілері бар жарақаттармен жеткізілгені туралы хабар түскен.

«Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жедел барып, ер адамды ұстады. Ұсталған сәтте ол алкогольдік мас күйде болған», – деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта анасы мен бала медициналық мекемеде. Зардап шеккен қызға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы департамент басшылығының тікелей бақылауында.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды