Атыраулық тұрғын 42 жастағы курьерді соққыға жықты (ВИДЕО)

03.02.2026, 09:55
283
Атыраулық тұрғын 42 жастағы курьерді соққыға жықты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Тапсырыс жеткізіп жүрген курьерге шабуыл жасаған азамат қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда «Яндекс Еда» сервисінің курьері соққыға жығылды. Оқиға 2026 жылғы 1 ақпанда қаладағы «Чехов» ықшамауданында болған.

Atyrau OIL редакциясының хабарлауынша, шабуыл кезінде курьер тапсырысты жеткізіп, қызметтік міндетін атқарып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, жанжалдан кейін ер адамның беті қанға боялған.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін тіркеген.

«42 жастағы азамат қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүріп, 37 жастағы ер адаммен жанжалға түскен. Аталған дерек бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау мен айналадағы адамдарға құрметпен қарау әрбір азаматтың міндеті екенін ескертті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады