2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Бұған дейін ойындарды Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған болатын.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала болып бекітілді. Бұл туралы Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді.
Sports.kz порталы News.cn дерегіне сүйене отырып хабарлағандай, қабылдаушы қала туралы келісімге 2026 жылғы 5 ақпанда Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бастапқыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдауы тиіс болған. Алайда қаңтар айында елдің Олимпиада және Паралимпиада комитеті мен Азияның Олимпиадалық кеңесі бірлескен мәлімдеме жасап, жарысты өткізу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгенін хабарлаған.
Ал соңғы қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен.
Осылайша, Алматы құрлықтық деңгейдегі ірі қысқы спорт додасын қабылдайтын негізгі қала мәртебесін иеленіп отыр.
Материал авторы