SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар айының небәрі бір айының ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келген залал 18 млрд теңгеге жетті. Бұл деректерді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялады.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері 126 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 110-ы тікелей сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Ең жиі анықталған қылмыс түрлері – пара алу және пара беру, алаяқтық, сондай-ақ қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану.
ҚР ҰҚК жүргізген жедел және тергеу іс-шаралары аясында 89 адамның заңсыз әрекеті тоқтатылған. Есепті кезеңде 129 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, соның 121-і сотқа жолданған.
Комитеттің хабарлауынша, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған жалпы материалдық шығын көлемі 18 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекет бюджетіне 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жүйелі түрде жалғасады», – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
RUS