Зейнеткер әже марқұм күйеуінің 26,6 млн теңге қарызын төлемейтін болды

03.02.2026, 14:35
412
Зейнеткер әже марқұм күйеуінің 26,6 млн теңге қарызын төлемейтін болды ЖИ иллюстрациясы

Сот зейнеткер әйелден өндірілген миллиондаған теңге залалды жойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кассациялық сот марқұм күйеуінен қалған 26,6 миллион теңгеге жуық залалды өтеу жөніндегі талапқа тартылған зейнеткер әйелдің шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы Кассациялық сот хабарлады.

Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының мәліметінше, төменгі сатыдағы сот шешімдерімен әйелден 26 688 932 теңге көлемінде залал өндіріп алу көзделген.

Іс материалдарына сәйкес, бастапқыда екі адамға сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру дерегі бойынша талап арыз берілген. Әңгіме 180 бас жылқыны иемдену фактісі туралы. Қылмыстық іс бойынша айыпталғандардың бірі жымқыруға көмектескені үшін сотталған, алайда кейін қайтыс болған.

Осыған байланысты оның мұрагері – жұбайы азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде тартылған.

Бірінші сатыдағы сот марқұмның жұбайынан, яғни зейнеткер әйелден 36 бас малдың құнын өндіріп алу туралы шешім шығарып, залал көлемін 10 654 136 теңге деп белгілеген.

Алайда апелляциялық саты істі қайта қарап, залалды екі жауапкерге үлестік тәртіппен бөліп, әрқайсысынан 26 688 982 теңгеден өндіріп алуды ұйғарған.

Зейнеткер әйел бұл шешіммен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Оның айтуынша, марқұм күйеуі тек 36 бас жылқыны өткізуге көмектескен, сондықтан талап сомасы сол мүліктің құнынан аспауы тиіс.

Соған қарамастан, күйеуі қайтыс болғаннан кейін барлық залал сомасы мұрагер ретінде оның өзінен өндірілген.

Кассациялық сот істі қарау барысында бірқатар өрескел процессуалдық бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Атап айтқанда, іс заңсыз сот құрамымен қаралған және сот актісіне істі қарауға қатыспаған судья қол қойған.

Сонымен қатар сот жауапкершіліктің түрін де қате айқындаған. Үкімде залалдың бірлесіп келтірілгені көрсетілгеніне қарамастан, азаматтық іс бойынша үлестік жауапкершілік қолданылған.

Осы негіздер бойынша төменгі сатылардың сот актілері күшін жойып, зейнеткер әйелдің кассациялық шағымы қанағаттандырылды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады