Боран, тұман және аяз: Ел аумағында ауа райы күрт бұзылады

04.02.2026, 09:04
220
Боран, тұман және аяз: Ел аумағында ауа райы күрт бұзылады belterz / Getty Images Signature

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, 4–6 ақпан аралығында елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. Негізгі қауіп – тұман, қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі. Кей аймақтарда температура бірнеше градусқа бірден төмендейді.

Түркістан облысында 4 ақпанда тұман күтіледі, таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ал 6 ақпанда ауа температурасы күндіз облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында 1 градус аязға дейін төмендейді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндізгі температура күрт төмендейді.

Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Ақмола облыстарында 4 ақпанда тұман түседі, жекелеген өңірлерде жел күшейеді. Жезқазған, Қарағанды және Көкшетау қалаларында да қолайсыз метеожағдай болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 4–5 ақпанда қар, жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ және қатты жел күтіледі. Ал 6 ақпанда ауа температурасы түнде 18–23, солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15–20 градус аязға дейін күрт төмендейді. Петропавлда да температура осындай деңгейге дейін құлдырайды.

Ақтөбе облысында 4 ақпанда түнде қатты қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ пен тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында жолдарда мұз қату қаупі бар.

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да ауа райы күрт суытады. Атырау облысында 4 ақпанда күндіз 5–10 градус аязға дейін төмендеп, 5 ақпанда түнде 17–22 градус аязға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында күндізгі температура 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Маңғыстау облысында 4 ақпанда 0–5 градус аяз, солтүстік-шығысында 8 градус аязға дейін суытады, 5 ақпанда 7–12 градус аяз күтіледі.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, бұрқасын, тұман және желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын, жолдарда көктайғақ, тұман болжанып отыр.

Қызылорда облысында тұман күтіледі, батыс бөлігінде көктайғақ қаупі бар.

Синоптиктер жүргізушілер мен алыс жолға шығатын азаматтарға ауа райының күрт өзгеруін ескеріп, жол қозғалысында ерекше сақ болуды ескертеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды